артқа
YDA Holding КОМПАНИЯСЫ «ПАВЛОДАР» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА

Ағымдағы жылдың 22 желтоқсанында YDA Holding компаниясы АЭА «Павлодар» аумағына келді

Кездесу барысында қонақтарға арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктері мен преференциялары ұсынылды, сондай-ақ легирленген алюминий және жеңіл балқитын автомобиль дискілерін өндіру бойынша қолданыстағы жобалар ұсынылды.

YDA Holding компаниясы 1954 жылы құрылған. YDA Holding құрылысындағы негізгі бағыттар: мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктері, әуежайлар мен медициналық мекемелердің инвестициялық жобалары, жоғары технологиялық ғимараттар, өнеркәсіптік объектілер болып табылады.

2000 жылдардың басынан бастап YDA Holding Қазақстан, Украина, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Сауд Арабиясы, Ауғанстан және Молдова сияқты көптеген елдерде табысқа жетті.