артқа
Айбек
Тұрсынғалиев
Басқарма төрағасы
Көбірек білу
Қайрат
Қайркенов
Басқарма Төрағасының Орынбасары
Көбірек білу
Асқар
Мұхамеджанов
Басқарушы директор
Көбірек білу
Айбек Тұрсынғалиев
Басқарма төрағасы

Айбек Әлібекұлы Тұрсынғалиев-Экономика және Юриспруденция мамандықтары бойынша екі жоғары білімі, Экономика және бизнес магистрінің академиялық дәрежесі (КазГЮИУ), сондай-ақ «Руководитель проектов по стандарту International Project Management Association» (Жобаларды басқарудың халықаралық қауымдастығы, Швейцария) халықаралық сертификациясы бар.

Өзінің еңбек жолын Сатып алу және құқықтық қамтамасыз ету департаментінің заңгері ретінде 2010 жылы «Kulager» құрылыс корпорациясында бастады. Әртүрлі жылдары коммерциялық және жеке құрылымдарда жетекшілік лауазымдарын алған.

2014-2017 жылдары аралығында Қаржы және техникалық талдау департаментінде, сондай-ақ «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің ҚР арнайы экономикалық аймақтарын дамыту департаментінде жұмыс істеді, мұнда ол “Оңтүстік” және “Ұлттық индустриалды мұнай-химиялық технопарк” арнайы экономикалық аймақтардың кураторы қызметін атқарды.

2017 жылғы наурыз және 2018 жылғы сәуір аралығында “Оңтүстік” арнайы экономикалық аймақтың Басқарма төрағасының бірінші орынбасары – басқарма мүшесі лауазымдарын атқарады (Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімдігі).

2018 жылғы сәуір айынан бастап қазіргі кезге дейін “Павлодар” арнайы экономикалық аймақтың Басқарма басшысы болып табылады (Павлодар облысының әкімдігі).

Ірі халықаралық кеңесшілер мен инвестиция, заң шығарушылық, шебер жобаларды әзірлеу, халықаралық тәжірибені дамыту және енгізу стратегия салаларындағы ұйымдардың қатысуымен он және одан көп табысты іске асырылған жобалар портфелі бар кәсіби және жоғары білікті жобалық менеджер болып табылады.

Қайрат Қайркенов
Басқарма Төрағасының Орынбасары

Қайрат Бейсембейұлы Қаиркенов экономика бойынша С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2012 жылы Павлодар облысы әкімдігінің құрылымы – Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасында бастады, әрі қарай – Индустриалдық-инновациялық даму басқармасында жалғастырды.

2017-2019 жылдары аралығында Павлодар облысы әкімінің аппаратында еңбек етті, мұнда ол Индустриалды-инновациялық даму мониторингі бөлімі басшысының лауазымын алған.

2019 жылғы ақпан айынан бастап қазіргі кезге дейін “Павлодар” АЭА басқарушы компаниясында қызмет етеді, мұнда ол АЭА қатысушыларының қызметін, әкімшілік-құқықтық сектор мен Басқарушы компанияның қызметін үйлестіріп Басқарма Төрағасының Орынбасары лауазымын алып отыр.

Әр жылдары біліктілігін арттыру курстарынан өткен, оның ішінде Олаф Хенгердің Білім Беруді Дамытудың Халықаралық Қауымдастығынан тиімді менеджмент және экономикалық даму мәселелері бойынша.

Асқар Мұхамеджанов
Басқарушы директор

Асқар Ерғанатұлы Мұхамеджановтың экономика ғылымдарының магистр дәрежесі, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономика Университетінің Қаржының ағылшын бөлімшесінің экономикасы мамандығы бойынша жоғарғы білімі бар, сондай-ақ стратегиялық маркетинг саласында біліктілігін растайтын Oxford Brookes университетінің “Качественное Превосходство и Международное Банковское Дело” сертификатының иегері.

2017 жылға дейін Павлодар обысының мемлекеттік мекемелері мен салалық ұйымдарында жұмыс істеді:  2012-2013 жж. Облыстың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы, 2013-2014 жж. Облыстың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, 2015-2016 жж. Облыстың Индустриалды-инновациялық даму басқармасы, 2016-2017 жж. Павлодар аймақтың ғылыми-технологиялық орталығы.

2016 жылдан бастап “Павлодар” арнайы экономикалық аймақ басқарушы компаниясында жұмыс істейді, қазіргі кезде Басқарушы директордың лауазымын алып отыр, АЭА халықаралық деңгейде маркетингті жылжыту бойынша жұмыстарды үйлестіреді, шетелдік делегацияларды сүйемелдейді және Қазақстан Республикасынан тыс әлеуметтік инвесторлармен кездесулерді ұйымдастырады.

Адамзаттың лайықты өмір сүруі үшін жағдайлар жасауда белсенді қызмет жүргізуге, дүниежүзінің барлық елдерінің заманауи технологиялар және білімдері көмегімен жаһандық проблемаларды шешуге тартылған Израиль Мемлекетінің Сыртқы істер министрлігінің жанындағы “МАШАВ” клубының мүшесі болып табылады.

Еліміздің ірі интернет жобасы «ZTB.KZ» құрылған мезгілден бастап ресми өкілі және әкімшісі болып табылады.