артқа
“БОБРОВСКИЙ КВАРЦИТ” ЖШҚ “ПАВЛОДАР” АЭА-да

19 қаңтар 2019 ж. ““KAZAKH INVEST” Ұлттық компаниясы” АҚ өңірлік өкілдігімен бірге ресейлік “Бобровский кварцит” ЖШҚ компаниясы “Павлодар” АЭА-ға сапармен келді.

Кездесу барысында қонақтарға “Павлодар” арнайы экономикалық аймағының мүмкіндіктері мен преференциялары ұсынылды, сонымен қатар кремний карбидін өндіру жобасын жүзеге асыру бойынша мәселелер талқыланды. Ресей компаниясы өкілін инфрақұрылымдық қызметтер, атап айтқанда, электрге деген пайдалы тарифтер қызықтырды.

Сонымен қатар, қонақтарға “УПНК-ПВ” ЖШС-не қыздырылған мұнай коксы өндірісімен және кремний карбидінің өндірістік циклінде мұнай коксын пайдаланудың кейінгі мүмкіндіктерімен танысу үшін сапар ұйымдастырылды.