артқа
Doganlar Yatirim Holding компаниясының өкілдері «ПАВЛОДАР» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫНДА

Ағымдағы жылдың 15 қаңтарында «Павлодар» АЭА Doganlar Yatirim Holding компаниясының өкілдері келді.

Кездесу барысында қонақтарға арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктері мен преференциялары ұсынылды, сондай-ақ химия-фармацевтикалық өнім өндіру жөніндегі жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.

Doganlar Yatirim Holding-Түркияның ең ірі 100 холдингтерінің бірі. Холдинг құрылыс, жиһаз және энергия өндіру сияқты салаларда дамуда.

Түркиядан келген қонақтар АЭА жұмысы мен Павлодар облысының инвестициялық ахуалы туралы оң пікір білдірді.