артқа
АЭА «Павлодар» Түркия елінде

30 қараша мен 5 желтоқсан аралығында Павлодар облысы әкімінің орынбасары А. Қабикеновтың басшылығымен Павлодар облысының делегациясы Стамбул қаласына жұмыс сапарымен барды.

Кездесу аясында Павлодар облысының инвестициялық мүмкіндіктері, инвестициялық жобалар мен мемлекеттік қолдау шаралары, сондай-ақ инвестицияларды тарту мақсатында арнайы экономикалық аймақтың мүмкіндіктері мен преференциялары таныстырылды.

Сапар барысында химия, мұнай-химия, металлургия және т. б. салаларындағы шамамен 20 ірі түрік компаниясының бірінші басшыларымен кездесулер өткізілді.

Түрік инвесторлары тарапынан аймақтың жобалары мен мүмкіндіктеріне деген қызығушылық жоғары.