артқа
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРНАЙЫ АЙМАҚТАРЫ

ИНВЕСТИЦИЯЛАРДЫ ТАРТУ МЕН ҚАЗАҚСТАНДА ЭКСПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРАЛЫ – АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАР

Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтары инвестицияларды тарту мен экспортты дамытудың негізгі құралдарының бірі болып табылады: олардың артықшылығы кеден және салық режимі болып табылады.

Ағымдағы кезеңде Қазақстанда елдің 11 аймағында 12 АЭА қызмет етеді. Үш АЭА 2017-2018 жылдары құрылды: “Астана-Технополис”, “МЦПС “Хоргос” және “Туркестан”.

АЭА қызмет етуі ұлттық экономиканың дамуына оң әсер тигізді: 15,5 мың жаңа жұмыс орындары құрылды, салық түсімдеріне 150 млрд теңге тартылды.

Барлық АЭА инфрақұрылымдарының құрылысына ел бюджетінен 314,3 млрд теңге бөлінді. 2019 жылғы мамыр айының соңы жай-күйі бойынша АЭА аумақтарында 183 жоба іске асырылды, олардан 46 шетелдіктердің қатысуымен.

Тартылған инвестициялардың көлемі 910 млрд тг. жетті.

Инвестициялық артықшылықтар шетелдік инвесторлардың назарларын тартады – олардың жобаларға қатысу үлесі 27% құрайды.

2021 жылға қарай АЭА аумақтарында жалпы сомасы 2 трлн тг. құрайтын 147 жобаны іске асыру жоспарлануда, олардан 2019 жылы 160 млрд тг. сомасына 36 жоба іске қосылуға даярлануда.

Еске сайласақ, 2018 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының ең тиімді арнайы экономикалық аймағы деп, мемлекеттік бюджеттен 1 теңгеге 14 теңге меншік инвестицияларын тартатын “Павлодар” АЭА танылды.