10.04.2024

"Павлодар" АЭА қатысушыларымен bнвестициялар жөніндегі кеңес

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде «Павлодар» АЭА кеден терминалында «Павлодар» АЭА БК» АҚ Басқарма төрағасы М.К. Ахметовтың төрағалығымен өзекті мәселелер бойынша кеңес өтті. 
Келесі мәселелер қаралды: АЭА қатысушыларының инвестициялық міндеттемелерін орындау барысы туралы; 2024 жылғы 24-26 сәуір аралығында Астана қаласында өтетін "ONDEU EXPO 2024" халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысу туралы; Павлодар облысының әкімі А.К. Байханов а.ж. 10 сәуірінен бастап жариялаған санитарлық тазарту жөніндегі дәстүрлі айлықтың басталуы туралы; кәсіпорындардың жобалық шешімдеріне және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар кешені. 
Кеңес қорытындысы бойынша іс-шаралар белгіленіп, міндеттер қойылды.