артқа
Қаныш
Әділжанов
Басқарма Төрағасының Орынбасары
Көбірек білу
Асхат
Қалиев
Басқарма төрағасының міндетін атқарушы
Көбірек білу
Қаныш Әділжанов
Басқарма Төрағасының Орынбасары

Әділжанов Қаныш Ақылбекұлы Қ. Сәтбаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтын. «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, Қазақстан-Ресей университеті «юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын «СҮТ-Екібастұз» ЖШС-нің заңгері қызметінен бастады.

Әр жылдары Екібастұз қаласы бойынша Салық басқармасы (Кеден одағы шеңберінде ақпаратты қабылдау және өңдеу бөлімінің бастығы), Нұр-сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (түсіндіру жұмысы басқармасының салық және кеден заңнамасын түсіндіру бөлімінің басшысы), Нұр-сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (Есіл ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары) сияқты мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтерді атқарды.)

2020 жылғы мамыры айынан бастап «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының Басқарма төрағасының орынбасары болып табылады.

Асхат Қалиев
Басқарма төрағасының міндетін атқарушы

Асхат Тілеубайұлы Қалиев Павлодар университетінің экономика және инжиниринг институтын “қаржыгер” мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын “Құқықтану” мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, сондай-ақ РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясын “Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі”мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы “шаңырақ-Павлодар” ЖШС менеджер қызметінен бастаған. Әр жылдары Павлодар облысының Денсаулық сақтау департаменті (Мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы), Қостанай облысы бойынша Салық департаменті (әкімшілік басқармасының басшысы), Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті (Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы), Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Экономика және қаржы департаменті (Департамент орынбасары), ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті (Ішкі әкімшілендіру аппаратының басшысы), Павлодар облысы әкімінің аппараты (аппарат басшысының орынбасары).

2020 жылдың қыркүйегінен бастап қазіргі уақытқа дейін “Павлодар” арнайы экономикалық аймағының Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып табылады.