26.04.2024
«Павлодар» АЭА «ONDEU EXPO 2024» өңдеу өнеркәсібінің IV халықаралық көрмесінде
Инвесторларды тарту мақсатында «Павлодар» АЭА өкілдері 2024 жылғы 24-26 сәуір аралығында Астана қаласында өтетін «ONDEU EXPO 2024» өңдеу өнеркәсібінің IV халықаралық көрмесіне қатысты. Металл өңдеу, химия және машина жасау салаларында жұмыс істейтін ҚХР, Ресей, Чехия, Германия, Израиль, Швейцария, Беларусь және Қазақстан компанияларымен кездесулер өтті. «Павлодар» АЭА аумағында инвестициялар тарту және өндірістерді орналастыру мүмкіндігі бойынша келіссөздер жүргізілді.